«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 142 бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 142 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес заңсыз олжаланған орман ресурстарын, құқық бұзушылық жасау құралдары болған көлік құралдарын, оларды уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы.»;

көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңсыз олжаланған орман ресурстарын, құқық бұзушылық жасау құралдары болған көлік құралдарын, оларды уақытша сақтау үшін алып қою туралы № ____ қаулы».

2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларында:

33-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.