Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 112 бұйрығы
(2026.28.09. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.14.09. № 249-НҚ бұйрығымен үлгілік конкурстық құжаттама өзгертілді (2026 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2025 жылғы 15 мамырдағы
№ 112 бұйрығымен бекітілген
бекітемін:
____________________
___________________
(тапсырыс берушінің
(бірыңғай
ұйымдастырушының)
толық атауы
_____________________________
(конкурстық құжаттаманы
бекіткен адамның
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Шешімі
№_____ күні_____
Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі