«Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 131 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін:»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аумақтық бөлімшелер мен Құрылымдық бөлімшелер жыл сайын электрондық жинау жүйелерін, есептi жылдан кейiнгі жылдың 10 сәуірдегі дейiнгі мерзімде, түсіндірме жазбалары бар облыс бойынша жиынтық есептерді мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жібереді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: