Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/163 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу
қағидалары
(2025.16.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.29.04. № 101 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.01.10. № 262 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргiзедi.
3. Мемлекеттiк орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажетті орман қорының жер учаскелерi туралы мәлiметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.29.04. № 101 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi
4. Мыналар мемлекеттік орман кадастрының құжаттамасы:
1) мемлекеттік орман кадастры осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізілетін мемлекеттік орман қорының орман кадастры кітабы;
2) орман иеленушінің шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есептік кезеңдегі мемлекеттік орман қорының құрамындағы өзгерістер туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жыл сайын беріліп тұратын мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажет мәліметтер;