(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН КАДАСТРЫН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ (ҚАЗА...

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушы

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 18-02/163 бұйрығына

2-қосымша

 

Осы редакция 2025 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу

 қағидалары

(2024.13.07. берілген өзгерістермен)

 

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.29.04. № 101 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрi - Орман кодексі) 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргiзедi.

3. Мемлекеттiк орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажетті орман қорының жер учаскелерi туралы мәлiметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.

 

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.29.04. № 101 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi

 

4. Мыналар мемлекеттік орман кадастрының құжаттамасы:

1) мемлекеттік орман кадастры осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізілетін мемлекеттік орман қорының орман кадастры кітабы;

2) орман иеленушінің шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есептік кезеңдегі мемлекеттік орман қорының құрамындағы өзгерістер туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жыл сайын беріліп тұратын мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажет мәліметтер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.