Органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 385 бұйрығы
«Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.