Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 және 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1241 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) тармақша осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 31, 317-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 2) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.