«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 846 Қаулысы (күші жойылды)

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 846 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 771-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 28 қазандағы

№ 846 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 18 қыркүйектегі

№ 984 қаулысымен бекітілген

 


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - БЖЗҚ) мен:

1) мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының;

2) мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның;

3) мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының (бұдан әрі - зейнетақы төлемдерін алушы);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.