«Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 қарашадағы № 12/114-VIІ шешімі

Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 қарашадағы № 12/114-VIІ шешімі

 

Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Түркістан облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5953 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1) кiрiстер – 983 888 069 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 36 144 376 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 10 548 407 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 215 675 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 936 979 611 мың теңге;

2) шығындар – 1 019 033 468 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 30 973 187 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 51 827 016 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 20 853 829 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 70 258 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 233 036 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері – 162 778 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы – - 66 188 844 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 66 188 844 мың теңге.»;

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. 2021 жылға облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне – 50 пайыз;

облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) – 50 пайыз;

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:

Бәйдібек ауданының бюджетіне – 29,8 пайыз;

Жетісай ауданының – 43 пайыз;

Қазығұрт ауданының – 49,5 пайыз;

Келес ауданының – 43,7 пайыз;

Мақтаарал ауданының – 47,9 пайыз;

Ордабасы ауданының – 44,7 пайыз;

Отырар ауданының – 49,3 пайыз;

Сайрам ауданының – 36,5 пайыз;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.