«2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI шешімі (2021.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI шешімі

(2021.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

Түркістан облыстық мәслихатының 2021.04.02. № 2/9-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); Түркістан облыстық мәслихатының 2021.19.03. № 3/22-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.18.06. № 7/58-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.09.09. № 9/84-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.09.11. № 12/114-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.10.12. № 13/121-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Түркістан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 981 895 666 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 35 586 899 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 10 348 407 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 215 675 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 935 744 685 мың теңге;

2) шығындар – 1 017 113 989 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 30 298 328 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 51 815 004 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 21 516 676 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 70 258 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 233 036 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері – 162 778 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы – - 65 586 909 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 65 586 909 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.