«Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3/22-VIІ шешімі

Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3/22-VIІ шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, 111-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5953 тіркелген, 2020 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 865 541 284 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер - 26 238 644 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 713 405 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 606 мың теңге;

трансферттер түсiмi - 838 565 629 мың теңге;

2) шығындар - 888 256 013 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 13 210 760 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 37 744 296 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 24 533 536 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 233 036 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 233 036 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 36 158 525 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 36 158 525 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.