«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына 9-қосымша) (2019.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.07.10. № 435 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 13 cәуірдегі

№ 198 бұйрығына

9-қосымша

 

 

«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе мерзімін ұзарту»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz (далее - портал).

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде - отыз күнтізбелік күн;

бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде - он бес күнтізбелік күн;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.