«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 360 бұйрығы

«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 360 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларында:

16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 2-деңгей - уәкілетті ұйымға келісілген мерзімде оларды жойған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;»;

29, 30, 31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Уәкілетті ұйым осы Қағидалардың 2-қосымшасының 9-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша куәлікке және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізуден бас тартады.

Бас тарту қайта өтініш беруге кедергі болмайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.