«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 117-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 117-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты
әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі