Дизайн-кодты әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 мамырдағы № 256 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дизайн-кодты әзірлеу қағидалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 22 мамырдағы
№ 256 бұйрығымен
бекітілді
Дизайн-кодты әзірлеу және бекіту
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Елді мекендердің дизайн-кодтарын әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 24-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленді.