(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛАСЫНДАҒЫ ДАЙЫНДАУШЫ ҰЙЫМД...

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығы

(2019.16.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 7 сәуір

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 3 сәуір

 

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.10.12. № 496 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 30 наурыздағы

№ 9-3/271 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.