«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 91 Қаулысы

 «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 91 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29698 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарда:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Талаптарда келесі ұғымдар қолданылады:

1) басқару есептілігі - ішкі бақылау және Қордың қызметін бағалау құралы;

2) кепілдік беру резервтері - «Сақтандыру төлемедріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зиянды өтеу резерві, «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері;

3) комплаенс-мәдениет - Қордың және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қордың ішкі құжаттарының, мінез-құлық кодекстерінің және бизнесті жүргізудің адал практикасы стандарттарының талаптарын сақтауы мәдениеті;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.