«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 Қаулысы
(2025.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 10-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы Қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын Талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Талаптардың 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін 17-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.