«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығы (2025.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығы

(2025.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 228-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023.14.08. № 311-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімі бекітілсін.

ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023.14.08. № 311-НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары бекітілсін.

3. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң кейбiр бұйрықтары күшi жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.