«Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 228-НҚ бұйрығы

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 228-НҚ бұйрығы

 

«Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

министрі

2026 жылғы 29 шілдедегі

№ 228-НҚ бұйрығына қосымша

 

 

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.