Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы
(2018.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А. Ерназарова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнен бастап, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 4-тарауының 4-параграфын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 540 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу тәртібі
1-параграф. Қаржыландыру жоспарларының түрлері
ҚР Қаржы министрінің 2017.06.09. № 543 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.