Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
(2024.09.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.