Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 Қаулысы
(2021.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары;
2) мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі;
3) Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.