Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 20/01 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 32/04 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.