«Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 68 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15614 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілікті «www.dfo.kz.» мекенжайы бойынша интернет желісінде орналасқан қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы арқылы электрондық форматта ұсынады.».