Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығы
(2025.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.16.09. № 965 бұйрығымен (2022 ж. 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2025.08.07. № 346 бұйрығымен (2025 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекіткен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-4) тармақшасына сәйкес 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесі және мерзімділігі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;