(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӘСIПТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНIНДЕГI ҰЙЫМДА...

Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығы

(2023.10.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.16.09. № 965 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесі және мерзімділігі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

6) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

7) пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.26.01. № 68 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.