«Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 82 бұйрығы

Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 82 бұйрығы

 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

2020 жылғы 10 сәуірдегі

№ 82 бұйрықпен бекітілген

 

 

Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.