Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 497 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Облыстардың әкімдіктері Қазақстан Респуликасы заңнамасының талаптарына сәйкес тізбеге енгізілген кәсіпорындарға жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 497 қаулысымен бекітілген
Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін
отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының
тізбесі