«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 167 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ПКҚ» АҚ) акцияларының мемлекеттік пакетін қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ПКҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 4 сәуірдегі
№ 167 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар