«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 277 Қаулысы
(2025.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 18 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2024.26.04. № 335 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.14.08. № 558 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 277 қаулысымен
бекітілген
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2021.14.08. № 558 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.26.04. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.14.03. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.14.05. № 336 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Қарағанды облысының аумағында Қарағанды қаласының және Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы «Сары-Арқа» әуежайын қоса алғанда, 1253,056 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2025.14.03. № 144 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. АЭА:
1) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын, атап айтқанда әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдар өндірісін дамыту;