«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 және «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы № 1001 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 және «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы № 1001 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдар) тарту тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.