«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 21 қарашадағы № 315/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді байланыс операторларының абоненттерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда комиссиясыз қабылдауды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
«32) электрондық цифрлық қолтаңбаны (SIM-карта үшін) қолдау функциясымен абоненттің сәйкестендіру картасы бар болған кезде, абонентті таңдау бойынша ұсынады.»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: