«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 465/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 140) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:
2-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: