«Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 368/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 368/НҚ бұйрығымен
бекітілген
«Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 83-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау тәртібін айқындайды.