«Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 24 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1. Мынадай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары:
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;