«Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 246 бұйрығы

«Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 246 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20208 болып тіркелген, 2020 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқықтылығы туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтердің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтердің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.