Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқықтылығы туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығы
(2022.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.25.03. № 246 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2021.25.03. № 246 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтердің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 702 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14732 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;