Теңіз порттарын салу үшін оларды орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 76 бұйрығы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теңіз порттарын салу үшін оларды орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
И.Н. Тасмағамбетов
2015 жылғы 26 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 4 сәуір
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 76 бұйрығымен бекітілген
Теңіз порттарын салу үшін оларды орналастыру
қағидалары