(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОТЫРҒЫЗЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ МАҚСАТТАҒЫ ПЛА...

Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 мамырда № 18-1/451 бұйрығы

(2024.02.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024.17.06. № 123 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-26) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 194) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

В. Школьник

2015 жылғы 5 маусым

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 19 мамырдағы

№ 18-1/451 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.