«2015 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 5 ақпандағы № 16-04/83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 16-02/1035 бұйрығы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «2015 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 5 ақпандағы № 16-04/83 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
Қоса беріліп отырған 2015 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жоспары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.