«Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №185 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2019 жылғы 2 шiлдедегi № 234 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 431 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17020 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, оның ішінде орта білім беру ұйымдарының оқушыларын кәсіптік бағдарлауға;»;
SUB77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер қойнауын пайдаланушы Кодексте және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің мөлшері шеңберінде осы Қағидалардың 6-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген бағыттар бойынша қаржыландыру көлемдерін дербес айқындауды жүзеге асырады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: