Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 323 шешімі
(2021.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2020.05.03. № 429 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
| Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Р. Исаев |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Молдашев Б. Бисенғалиева |
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016.29.08. № 50 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 310 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.30.09. № 361 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.05.03. № 18 шешімімен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Хромтау аудандық мәслихатының
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 323 шешімімен бекітілген
Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары