2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI шешімі
(2019.05.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019.15.02. № 27/302-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.12.04. № 29/313-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.14.06. № 30/329-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.10.09. № 33/346-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.05.11. № 34/366-VI шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 317 533 374,7 мың теңге:
салықтық түсімдер - 39 935 748,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 708 145,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 550,5 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 274 883 929,5 мың теңге;
2) шығындар - 319 964 424,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 11 242 356,6 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 21 324 238,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 10 081 881,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 50 000,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 50 000,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -13 723 406,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 13 723 406,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 18 930 373,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 8 742 011,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 535 044,8 мың теңге.
2. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемi 56 243 513 мың теңге сомасында көзделсін, соның ішінде: