«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтары мен бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтары мен бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

 

Б. Асылов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сот әкімшілігі

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

2026 жылғы 22 қаңтардағы

№ 19 бұйрығына қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.