«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрық жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 83 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі - Қағидалардың жобасы) әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамы (бұдан әрі - жұмыс тобы) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда бекітілсін.
2. Жұмыс тобы барлық ұсыныстарды ескере отырып, Қағидалардың жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетіне (бұдан әрі - Комитет) 2024 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде жолдасын.
3. Комитет (Қ. Б. Жұмашев) осы бұйрықты жұмыс тобы мүшелерінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н. В. Жумадильдаева) жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ғ. Бейсембаев |
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 24 сәуірдегі
№ 83 бұйрыққа қосымша