«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 253/8 Қаулысы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2019.14.01. № 9/1 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 228/7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3913 болып тіркелді, 2014 жылғы 26 тамызда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
2015 жылғы 27 тамыздағы
№ 253/8 қаулысымен
бекітілді
«Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер