Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № А-10/1538 Қаулысы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № А-7/1369 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 тіркелген, 2017 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі қаулының тақырыбында және 1 тармақта «Үгіт» сөзі «Үгiттiк» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| қала әкімі | А. Смаилов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
М.М. Қалиева
2020 жылғы
2020 жылғы 23 қазандағы
№ А-10/1538 қаулысына
1 қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі
№ А-9/3497 қаулысына
1 қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін объектінің атауы |
| Ақпараттық тумбалар | |||