«Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 45 бұйрығы

«Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 45 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11219 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

1) аңшылық әуесқой атыстар - аңшылық қару иелерінің, аңшылық мақсатында қаруды пайдалану шеберлігін жетілдіру мүмкіндігін беретін бастапқы даярлық бағдарламасынан тыс даярлығы;

2) атыс аймағы - жандары және үсті қоршалған, нысаналар мен оқ ұстағыштар орналастырылған, оқтармен атылатын кеңістік. Онда сондай-ақ блиндаждар немесе көрсетушілерге және нысананы механикалық түрде орналастыруға арналған арнайы өзге де күркелер болуы мүмкін;

3) атыс галереясы - атыс позициялары (атыс орындары) орналасатын атыс шебінен және төрешілерге арналған (өту) аймақтан, команда өкілдеріне, бапкерлер мен көрермендерге арналған аймақтан тұратын аймақ;

4) атыс желісі - атушы одан шығып кетпеуі тиіс тирдің тік осьіне перпендикуляр шартты немесе белгіленген желі. Атыс кезінде қарудың ұңғысы атыс желісінің ар жағында болады;

5) атыс тирі - тирдің ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы адамдардың жеке және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтік және азаматтық қарудан нысанаға атуға арналған үй-жай (объект);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.