Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 331 бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамы бекітілсін.
2. «Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 381 бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 7 маусымдағы
№ 331 бұйрығымен
бекітілген
Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық
комиссияның құрамы